«СТАНИЦА» Этномәдени бірлестік

Тарихи мәлiмет. 2009 жыл шiлдеде СҚО, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданнының, Червонный селосында, «Станица» этномәдени бiрлестiгi құрылған едi.

2009 жылы 1 мамыр Қазақстан халықтарының ынтымағы күнiне арналан мерекеге қатысты, Петропавл қаласында 2009 жылы 30 тамыз облыстық Этномәдени бiрлестiктер арасындағы сайысында хореография номинацияда бiрiншi орын иегерi, 2009жыл қазан Астанада республикалық «Украина менiң жүрегiмде» фестивалiнiң лауреаты, 2010 жыл 1мамыр «Қазақстан халықтарының салт-дәстүрi» мерекелiк iс-шарада I орын, 2011 жыл II орын алды, 9 мамыр аудандық iс- шаралардың белсiндi қатысушысы. 2010-2012жылдары Петропавл қаласына Т. Шевченконың мерейтойына арналған фестивальге қатысты. 2009-2013жылдары Петропавл қаласындағы Салт–дәстур iс-шарасына қатысып, 2012, 2013 ж.ж. II орынға ие болды. 2009-2013 жылдары Астанада республикалық украин әндерiнiң «Как не любить мне эту землю» халықаралық фестиалiне қатысты.

Мақсаты — мәдениге ұлтаралық ынтымақты нығайту, Қазақстан халықтары мәдениеттерiнiң өзара жан-жақты көркеюi, украин халқының салт –дәстүрлерiнiң сақталуы мен дамуы, жастарды патриоттық сана-сезiмге баулу.

Негiзгi қызмет бағыттары:

  • Қазақстан халықтарының ынтымағын қамту , тұрақтылықты, этносаралық келiсiмдi сақтау;
  • патриоттық сана-сезiмге баулу механизмiн жетiлдiру, полимәдени тұлға қалыптастыру.

Ресурсттық негiздеме. Этномәдени бiрлестiкте би және вокал топторы жұмыс iстейдi

Жобалау қайнары. Округ шеңберiнде тұратын этностардың тiлiн, салтын, дәстүрiн, мәдениетiн дамыту жұмыстарын атқарады.ЭМБ өз жұмысы туралы қоғамдық келiсiм мен патриоттықтәрбиенi нығайтуға арналған мемлекеттiк мерекелiк iс-шаралар, фестивальдер, сайыстар, «Дөңгелек үстелдер», ғылыми –практикалық конференциялар, түрлi акциялар кезiнде ақпарат бередi. Мысалы, 1 мамыр- Қазақстан халықтарының ынтымағы күнiне арналған «Мәңгiлiк ел» патриоттық актi өттi.

ЭМБ округтың қоғамдық — саяси және мәдени өмiрiнде белсендi қатысады. Ұлттық мейрамдар, Этностар күнi, мәдениеттер фестивалдарын өткiзу дәстүрге айналды.Мемлекеттiк мерекелерге, атаулы күндерге арналған iс-шаралардың белсендi қатысушысы. Наурыз айында этномәдени бiрлестiк Червонный мектебiнiң оқушыларымен кездесу өткiздi. «Дөңгелiк үстелдi» өткiзудiң мақсаты: оқушыларды қазақстандық патриотизмге, бейбiтсүйгiштiкке баулу, халықаралық келiсiм, өз Отанымыз — Қазақстан туралы танымдарын кеңейту. Бұл iс-шараның мiндетi өзге ұлт өкiлдерiнiң өмiрiне, мәдениетiне, салтына, ұлттық өнерiне қызығушылық туғызу, түрлi ұлттың халықаралық қатынастарын дамыту, түрлi ұлттар расында сыйластық сезiмiн қалыптастыру. Сәуiр айында Ұлы Отан соғысы Жеңiсiне арналған « Жеңiс жұлдыздары» экскурсиялық жаяу маршрут ұйымдастырылды. Маршруттың мақсаты: Балаларға Бауыржан Момышұлы өмiрбаянын үлгi етiп, ҰОС майдангерлерiнiң, батырлығы, ерлiгi, парыз туралы ұғым қалыптастыру. Селолық кiтапханада әскерлердiң Ауғаныстаннан шығарылуына 25- жылдығы шеңберiндегi «Афганистан болит в моей душе» атты интернационалист — жауынгер Павел Николаевич Каташовпен кездесу естелiк сағаты өткiзiлдi.

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz