- Ауылдық округ әкiмi
- Iс жүргiзу жөнiндегi бас маман
- Бухгалтерия және салық жөнiндегi бас маман
- Нотариат және кадрлар жөнiндегi жетекшi маман
- Шаруашылық кiтабын жүргiзу және әскери есеп жөнiндегi жетекшi маман
- Басшының хатшысы
- Жүргiзушi
16.02.2023 ж.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ 150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 6 каб., анықтама телефоны, факс 8(715-35)22-449, электрондық мекенжай: b.tabarova@sko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ шаруашылық кітабын жүргізу және әскери есеп жөніндегі жетекші маманы (уақытша негізгі қызметкердің 2024 жылғы 28 мамырға дейін бала күту демалысы кезеңінде, сондай-ақ негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)
Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-4, 1 бірлік.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейiн.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Шаруашылық кітаптарын жүргізу және есепке алу және оларға өзгерістер енгізу. Халық және мал санағын өткізу бойынша жұмыс. Шаруашылық кітаптарына сәйкес халықтың құрамы, малды, құсты есепке алу бойынша статистикалық есептерді жасау. "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету, халықпен идеологиялық жұмыс, Ішкі істер, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау. Жиналыстарды, жиындарды өткізуге материалдарды дайындау, ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша басқа жұмыстарды жүргізу. ШҚ және ФҚ-мен өзара іс-қимыл жасау, ақпарат жинау, олардың жұмысы бойынша жоғары тұрған ұйымдарға дайындау және есеп беру. Әскери есепке алуды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
Әскерге шақыру жасындағы адамдарды, әскери мін
(Блок А)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «Педагогикалық ғылымдар», «Бизнес, басқару және құқық», немесе «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» (арономия мал шаруашылығы) немесе «Ветеринария» бейіндері бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «Білім» немесе «Бизнес, басқару және құқық» (бизнес және басқару (бухгалтерлік іс және салық салу (есеп және аудит) немесе қаржы, банк және сақтандыру ісі немесе менеджмент және басқару (Менеджмент (қолдану салалары және салалары бойынша немесе маркетинг және жарнама (маркетинг (салалар бойынша) немесе Құқық) немесе «Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат» (Журналистика және ақпарат (Кітапхана ісі немесе ақпаратты өңдеу және мұрағат ісі (басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану) немесе «Ауыл, орман, балық аулау және ветеринария» (ауыл шаруашылығы (агрономия немесе зоотехния).
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.
Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен кеткен тұлғалар, шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен қатысуға құқылы.
Жоғарыда аталған тұлғалар келесі құжаттар тапсырады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
Қолма қол немесе пошта бойынша толық құжаттар пакетiн ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссия хатшысы осы Ережелердiң 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi.
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетiн электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің уәкілетті органның интернет-ресурсында ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретiнде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның қызметшiлерi қатыса алады.
Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi.
Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.