- аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
- азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
- салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
- әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
- әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
- ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
- шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
- өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
- әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
- тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
- табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
- қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
- мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
- қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
- дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
- мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
- мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
- халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
- ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
- жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
- қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
- шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
- шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
- жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
- өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
- елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
- туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
- кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
- аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру жатады;
- басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
- берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
- берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
- берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
- жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
- басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
- берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
- кіріс көздерін қалыптастырады;
- бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
- бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
- жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
- мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
- Қазақстан Республикасының Жер кодексi 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер телімдерін жеке меншiкке және жер пайдалануға береді;
- Қазақстан Республикасының Жер кодексi 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілейді;
- жер телімдерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде аудандық әкiмдiкке ұсыныстар енгізу кіреді;
- мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
- тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
- елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;
- профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізу;
- ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және ауданның жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
- ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
- ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның жергілікті атқарушы органына табыс ету;
- тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
- тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
- ауданның жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізу;
- ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы ережені бекіту;
- жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру;
- ветеринариялық анықтаманы беру;
- жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету кіреді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан өзінді көшірме беру;
- биологиялық материалдың сынама алу және оны ветеринариялық зертханаға жеткізу;
- ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы малына бiрдейлендiру жүргізуге қатысу;
- малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдардың, ал көмiндiлерінiң, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
- агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;
- ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуге қатысу;
- микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшiн табысы төмен адамдарды анықтау;
- жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 165, 300, 311 және 387-баптарында көзделген, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы;
- өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындауды және онда қарастырылған тәртіптік жазаларды қолдануды қамтамасыз етеді, қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапкершілікке ие.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Червонный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігін орындау ол жоқ болған кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның орнын басатын тұлғамен жүзеге асырылады.