Студенттер eGov.kz порталы арқылы оқуды ауыстыра немесе қалпына келтiре алады

Студенттер eGov.kz порталы арқылы оқуды ауыстыра немесе қалпына келтiре алады

«Электрондық үкiмет» порталында колледждер, арнаулы орта оқу орындар және кәсiптiк оқыту орталықтарының студенттерi өзiн-өзi ауыстыру және қалпына келтiруге электрондық өтiнiш бере алатын қызмет қолжетiмдi екенiн хабарлайды.

EGov.kz порталының «Бiлiм беру» бөлiмiне онлайн түрде өтiнiш беру үшiн «Бiлiм беру ұйымының түрi бойынша студенттердi ауыстыру және қалпына келтiру» қызметiн таңдау керек. Қызметке тапсырыс беру кезiнде барлық қажеттi жолдарды толтыру қажет.

Порталда қажеттi құжат көрсетiлмеген жағдайда, «Ұлттық бiлiм беру деректер қоры» ақпараттық жүйеде болмауына байланысты пайдаланушы өз бетiнше мәлiметтi қоса алады.

Егер студент шетелдiк бiлiм беру ұйымынан ауыстырылса, оған төмендегi сканерленген көшiрмелерiн қоса беру қажет:

✅игерiлген бiлiм беру бағдарламалары туралы құжат;

✅алдыңғы бiлiм деңгейiнiң аяқталғанын растайтын құжат;

✅оқуға түсу емтихандарының нәтижелерi.

Қаржылық қиындықтарға байланысты қалпына келтiру кезiнде пайдаланушыға оқу үшiн төлем туралы түбiртектiң сканерленген көшiрмесi қоса берiлуi керек.

Сұрау салу сәттi өңделгеннен кейiн пайдаланушының жеке кабинетiне ауыстыру немесе қалпына келтiру туралы хабарлама немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат берiледi.

27.08.2020
Қараулар: 557
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz