Түсініктеме хат

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қантар № 56-14 «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау қажеттілігі туралы.

Червонное ауылдық округінің бюджетін 2020 жылға нақтылау бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру және бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-1 бабына сәйкес жүргізіледі.

Ауылдық округтің бюджетін айқындау көздері болып табылады;

1. Бюджеттік қаражат жалпы сомасы 6002,3 мың теңгеге ұлғайтылсын, оның ішінде келесі бағдарламалар бойынша 124.001.015 аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер — 2,3 мың теңге; 124.014.028 — елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру — 6000,0 мың теңге, Червонное ауылында таратушы желілердің сорғы станциясын орнатуға. Бюджет қаражатын жалпы сомасы 4620,2 мың теңгеге, оның ішінде мынадай бағдарламалар бойынша азайту: 124.001.015-аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер —  2,3 мың теңге; 124.001.029-аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер — 500,0 мың теңге; 124.022.029 — мемлекеттік органның күрделі шығыстары — 3500,0 мың теңге; 124.014.029 елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру — 617,9 мың теңге.

2. Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 104402 коды бойынша жылдық жоспар 90,0 мың сомаға ұлғайтылсын. 104302 коды бойынша жылдық жоспар 90,0 мың теңге сомасында жер салығы азайтылсын.

Червонное ауылдық
округінің әкімі Б. Баяхметов

 

 

25.11.2020
Қараулар: 706
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz