Ақпарат

Ветеринариялық станцияның ветеринариялық дәрігерлерімен, учаскелік полиция инспекторымен, АЗКО ПЕСКИ ЖШС басшысымен бірлесіп Пески ауылының үй жануарларының иелерімен жиын өткізді. Үй жануарларын міндетті сәйкестендіру және мал ұрлығының алдын алу шаралары шеңберінде, оларды ұстау ережелері, иелерінің әкімшілік жауапкершілігі туралы айтты. Меншіктегі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруден және есепке қоюдан бас тарта отырып, иесі "Ветеринария туралы" ҚР Заңының 25-бабын бұзады, онда заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншігіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етуге міндетті екендігі көрсетілген. Осы бапты бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген: жеке тұлғаларға-25 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 125 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 250 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК мөлшерінде айыппұл.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – 50 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 250 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-500 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және оларды есептен шығару мәселесі бойынша телефон арқылы жүгіне алады:

Ауылдық округтің ветеринар дәрігері: 87071990913;

Мүсірепов ауданының ветеринариялық станциясы: 21 890;

Ғ. Мүсірепов ауданының аумақтық инспекциясы КВК және ҚР АШМ Н: 20 589.

Сондай ақ тұрғындармен жиында малға арналған қораны уақытша ұстауға және жоспарлы ветеринариялық қызмет көрсетуге арналған стационарлық станокты және бөлуді орната отырып көшіру жөнінде жалпы шешім қабылданды.

06.10.2023
Қараулар: 109
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz