Пресс-релиз «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы Червонное ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» аудандық мәслихаттың шешiмiн қабылдау қажеттiлiгi туралы

Червонное ауылдық округiнiң бюджетiн 2020 жылға нақтылау бюджеттiк бағдарламаларды тиiмдi iске асыру және бiрқатар бiрiншi кезектегi мiндеттердi шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 109-1 бабына сәйкес жүргiзiледi.

Осы шешiм жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған 2019 жылғы 7 қарашадан 2019 жылғы 21 қарашаға дейiн 10 жұмыс күнi iшiнде өзектi болды.

КIРIСТЕР

2020 жылға ауылдық округтiң бюджетiне түсетiн түсiмдердiң көлемi 5 250 мың теңге сомасына белгiлендi, олар салықтық түсiмдерден тұрады.

Салықтық түсiмдердiң негiзгi көзi жеке табыс салығы (20,5 пайыз), мүлiк салығы (1,5 пайыз), көлiк құралдарына салынатын салық (72,6 пайыз), жер салығы (5,9 пайыз) болып табылады.

Аудандық бюджетке түсетiн өзiндiк түсiмдердiң болжамды көлемi 2020 жылға — 5 250 мың теңге, 2021 жылға — 5 460 мың теңге, 2022 жылға — 5 678 мың теңге.

Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарға
жеке табыс салығы

Салықтың аталған түрi бойынша есептеу ауылдық округтiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң болжамы, 2019 жылы нақты орындау, 2019 жылғы түсiмдердi бағалау негiзiнде жүргiзiлдi.

2020 жылға болжам еңбекақы төлеудiң болжамды қорынан орташа тиiмдi ставка бойынша 600 мың теңге көлемде есептелдi.

2021 жылға болжам 624 мың теңге көлемде, 2022 жылға — 649 мың теңгеге есептелдi.

Мүлiк салығы

2020 жылы жеке тұлғаларға салынатын мүлiк салығының болжамы Қазақстан Республикасының Салық кодексiмен белгiленген ставка бойынша 2017-2018 жылдардағы түсiмдердiң және 2019 жылғы ағымдағы төлемдердiң динамикасын ескере отырып, Жылжымайтын мүлiктi бағалау орталығының мәлiметi бойынша мүлiк құнына сүйене отырып 50 мың теңге сомасына есептеледi. 2021 жылы — 52 мың теңге, 2022 жылы — 54 мың теңге.

Жер салығы

2020 жылы 350 мың теңге көлемiнде жер салығын есептеу 2018-2019 жылдардағы түсiмдер динамикасына сәйкес жүргiзiлдi. 2021 жылы — 364 мың теңге, 2022 жылы — 378 мың теңге.

Көлiк құралдарына салынатын салық

Көлiк құралдарының салығы 2020 жылы 4 250 мың теңге құрайды. Бұл салық түрi жол полициясы ұсынған қозғалтқыш көлемi бойынша түрлерi, топтары, жүк көтергiштiгi, отырғызу орындары кесiмiнде көлiк құралдарының санына сүйене отырып, Салық кодексiндегi өзгерiстердi ескере отырып (пайдалану мерзiмi түзету коэффициенттерiн қолданбай) есептелдi.

Бұл ретте көлiк құралдарының жалпы санынан салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктер берiлетiн заңды және жеке тұлғалардың көлiк құралдары алынып тасталады.

Заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық болжамы 2020 жылы — 3 800 мың теңге, 2021 жылы — 3 952 мың теңге, 2022 жылы — 4 110 мың теңге.

Жеке тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық 2020 жылы — 450 мың теңге, 2021 жылы — 468 мың теңге, 2022 жылы — 486 мың теңге.

Аудандық бюджеттен трансферттер

2020 жылы аудандық бюджеттен субвенциялардың жалпы сомасын 6 045 мың теңге құрайды.

ШЫҒЫНДАР

Еңбекақы төлеу қоры бойынша шығындар көлемi 2020 жылғы 1 қаңтарға Червонного ауылдық округi аппаратының штат кестенiне сәйкес есептелген.

Әлеуметтiк салық 6%, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға шығындар — 3,5%; мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға — 1,5% мөлшерiнде есептелдi. 2020-2021 жылдарға 2019 жылдың деңгейiнде есептелдi.

Өзге де шығындар 2020-2022 жылдардағы инфляция коэффициентiн қолдана отырып есептелдi — 1,04%.

2020 жылға бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жалпы көлемi 138 472 мың теңге, 2021 жылға — 144 010 мың теңге; 2022 жылға — 149 770 мың теңге құрады.

2020 жылға арналған бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстар:

124.001.000 «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер» — 126 397 мың теңге;

124.022.000 «мемлекеттiк органның күрделi шығындары» — 220 мың теңге;

124.011.000 «елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» — 10 000 мың теңге;

124.013.000 «аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету» — 78 161 мың теңге;

124.014.000 «елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру» — 30 016 мың теңге;

124.040.000 «Өңiрлердi дамытудың 2025 жылға дейiнгi мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде өңiрлердi экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды iске асыруға ауылдық елдi мекендердi жайластыруды шешуге арналған iс-шараларды iске асыру» — 8 000 мың теңге.

Червонное ауылдық
округiнiң әкiмi Г. Дюсенова

 

20.12.2019
Қараулар: 904
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz