Коронавирусты инфекцияның алдыналу бойыншашаралар жүргізукезіндегі еңбек қызметінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiкдәрiгерiнiң 2020 жылғы 12 наурыздағы №19 бұйрығына сәйкес үйде карантин кезеңiнде қызметкерлерге медициналық ұйымдарға бармай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағы рәсiмделедi.

Соныменқатар, коронавирустық инфекцияның таралуына жолбермеу жөнiндегi шаралар шеңберiнде жеке ұйымдардың қызметiшектелген.

Мұндайжағдайда, еңбек заңнамасында жұмысшылардың еңбек қызметiн жүзеге асырудың әртүрлi тетiктерi қарастырылған, соның iшiнде толық емес жұмыс уақыты режимiн белгiлеу, қашықтықтан жұмыс жасау, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру және т.б.

Мысалы, тараптардың келiсiм бойынша және өндiрiстiк процесс мүмкiндiк берсе, карантин кезеңiнде жұмыс берушi қашықтан орындалатын жұмыс белгiлеуi мүмкiн.

Бұл ретте жұмыс жағдайлары, жұмыс уақытын есепке алу, шығыстар мен еңбекақы тараптардың келiсiмi бойынша (жұмыс берушiнiң актiсiнде және еңбекшартында) белгiленедi, ал жалақы жұмыскердiңнақтыжұмысiстегенуақытынатөленедi.

Бұлшаралардықолданумүмкiнболмағанжағдайда, жұмыс берушi жұмыскер үшiн тоқтап тұру жағдайын жариялайды.

Еңбек Кодексiнiң 112-бабына сәйкес жұмыс берушiге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрыпқалу уақытын ресiмдеу тәртiбi және бос тұрыпқалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдықшарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерiнен (42 500 теңге) кем болмайтын мөлшерде белгiленедi.

Егер еңбекшартында, ұжымдық шартта қарастырылған болса, бос тұрыпқалу уақытындағы жалақы ең төменгi жалақыдан жоғары болуы мүмкiн.

Ата-анасының бiреуiне ақылы еңбек демалысын беру туралы. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 93-бабына сәйкес кезектi еңбек демалысы демалыс кестесiне сәйкес немесе кестеден тыс қажет болған жағдайда тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

Осыған байланысты жұмыс берушiлер балалармен қалуға мәжбүр болған ата-аналардың бiреуiне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бередi.

19.03.2020
Қараулар: 623
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz