«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттарды ұсынуға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Орналасқан жерi: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;

пошталық мекенжайы: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521каб.;

электрондық пошта мекенжайы: otdbisnes@sko.kz; AAkhmetova@sko.kz 

байланыс телефоны: 8 (7152) 50-22-85, 50-49-23.

Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол қартасы-2020» бизнестi қолдаумен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiндеiсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм берiлетiн жер: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша конкурстық өтiнiм мен толық құжаттама топтамасын бередi.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2019 жылғы «3» маусымнан бастап 2019 жылғы «21» маусым аралығында, жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Өтiнiмдердi беру басталатын күнi мен уақыты: 2019 жылғы «3» маусымнан сағат 10.00-ден бастап (жергiлiктi уақытпен).

Өтiнiмдердi беру аяқталатын күнi мен уақыты: 2019 жылғы «21» маусым сағат 13.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.upt.sko.gov.kz сайтында танысуға болады.

Гранттық қаржыландыру шарттары:

  • Жаңа бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде өңдеушi өнеркәсiп салаларында iске асыру үшiн 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;
  • Жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттiк грант көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде iске асыруға арналған шығыстарды кәсiпкердiң қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның iшiнде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiкпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның мiндеттi шарты болып табылады;
  • «БЖК-2020» Бағдарламаның және/немесе Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде кәсiпкердiң оқудан өткенiн растайтын құжаттың болуы, ескiру мерзiмi 2 (екi) жылдан аспайтын құжаттың көшiрмесi.

 

30.05.2019
Қараулар: 1011
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz