2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Ломоносов ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер — 33 560 мың теңге:

  • салықтық түсімдер — 5 100 мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер — 0;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер — 0;
  • трансферттер түсімі — 28 460 мың теңге;

2) шығындар — 33 560 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу — 0:

  • бюджеттік кредиттер — 0;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу — 0;

4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо — 0:

  • қаржылық активтерін сатып алу — 0;
  • мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер — 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) — 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) — 0:

  • қарыздар түсімі — 0;
  • қарыздарды өтеу — 0;
  • бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 0.

2. 2021 жылға арналған ауылдық округтің кірістері Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес, мынадай салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатындығы белгіленсін:

1) ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

  • дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін — тұрған жерінен;
  • қалған жеке тұлғалар үшін — тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;

2) ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

3) ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

4) мыналардан:

  • тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;
  • өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан.

3. Аудандық бюджеттен ауылдық бюджетке берілетін субвенциялар көлемі 7 671 мың теңгені құрайды.

4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (ZIP 39 Kb)

23.12.2020
Қараулар: 1275
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz