Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 72-5 «2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 72-5 шешіміне (2021 жылғы 14 каңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6924 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджеті осы шешімнің қосымшасына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 44 824,7 мың теңге:

салықтық түсімдер – 5 100 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер– 0;

трансферттер түсімі – 39 724,7 мың теңге;

2) шығындар – 45 880 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:

бюджеттік кредиттер – 0;     

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 055,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0:

қарыздар түсімі – 1 055,3 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 055,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (ZIP 17 Kb)

20.04.2021
Қараулар: 966
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz