Көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн пайдаланушы «Отбасы» бөлiмiнiң «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» бөлiгiнде: «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеудi тағайындау»көрсетiлетiн қызметiн таңдау керек. Содан кейiн өзiңiз туралы мәлiметтердi және жәрдемақыкелiп түсетiн банктiк шотты енгiзiңiз. Содан кейiн бала туралы мәлiметтердi көрсетiп, электрондықцифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтiнiшке қол қою қажет.
Өтiнiште баланың табысы туралы ақпарат, яғни мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтiк төлемдердi, алименттердi, баланың мүлкiнен табуға болатын кiрiстер туралы мәлiметтердi көрсету қажет екенiн айта кету керек.
Егер сұрау салу сәттi орындалса, жәрдемақы тағайындау туралы шешiм пайдаланушының жеке кабинетiне 1 жұмыс күнi iшiнде келiп түседi.
Көрсетiлетiн қызметке сiлтеме: https://egov.kz/cms/kk/services/guardianship/76pass_mon
Қараулар: 682