Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру

Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру

Ол үшiн:

📌Egov.kz порталына кiрiңiз;

📌Iздеу жолы арқылы «Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру» қызметiн табыңыз;

📌Қызметтi онлайн сұратыңыз;

📌Аты-жөнiңiз, тегiңiз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;

📌Аты-жөнiңiздегi өзгерiстер жайлы жазбалар тiркелген АХАТ бөлiмi және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректердi порталға енгiзiңiз;

📌Екiншi қадамда қызмет үшiн мемлекеттiк БАЖ салығын төлеңiз;

📌Үшiншi қадамда төлем мәртебесi жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;

📌Төртiншi қадамда ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз;

📌Қызметтiң нәтижесiн жеке кабинетiңiздегi қызметтер тарихынан көре аласыз.

📍Қызмет құны 1 айлық есептiк көрсеткiш.

📍Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтiзбелiк күнге дейiн созылуы мүмкiн.

27.08.2020
Қараулар: 599
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz