Хабарлама

Конкурсты ұйымдастырушы: Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру, ауыл шаруашылығын жүргізуде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жер учаскелерін ұсыну, мемлекет меншігіндегі және 10 жылдық мерзімге жерді пайдалануға ұсынылмағандығы бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2022 жылы «12» қаңтарда 15 сағат 00 минутта Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим ауылы, Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ғимаратында 1-қабат әкімдік мәжіліс залында өтеді.

Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 15 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 11 қаңтарын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2-қабаты, 26 кабинетінде қабылданады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс ҚР Жер Кодексінің 43-бабы, 2-тармағына сәйкес жер комиссиясымен өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қағаз жеткізгіште қолма қол немесе пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, өтініш беруші – заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы үлесінің (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) мөлшерін көрсете отырып, басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің тазартылған тұлғалары туралы мәліметтер;
  2. Жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, ЖСН, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
  3. өтiнiш берушi талап еткен жердiң орналасқан жерi;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. банк кепілдігі немесе қаржы институты кредит комитетінің тартылатын инвестициялардың көлемін растау туралы оң шешімі;

Өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, аталған шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа, фермер қожалығы немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жөніндегі міндеттемелер.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді ҚР заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаның уәкілетті өкілдері ұсына алады.

Конкурстық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы мал басы, қолданылатын Агротехнология, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, ҚР Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияны сақтау, фитосанитариялық және карантиндік талаптар бойынша міндеттемелер.

Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және «электрондық үкімет» веб — порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс» және «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» деген жазулар көрсетіледі және «_________ жылғы «_» дейін ашуға болмайды» (нақты күні көрсетіледі).

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбау тиіс.

Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.

Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Қосымша

Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің алдын ала тізбесі

Лот

Жер учаскесінің № (өріс)

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері)

Ауданы, га

Бонитет балы

Жалдау мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталығынан орташа қашықтық)

1

9-3, 9-4, 9-5, 9-9, кос 29

Жалпы ауданы 94 га, оның ішінде тыңайма 85 га, табиғи жайылымдар 8 га, жолдар 1 га

94 га

56,9

10 жыл

Андреев ауылдық округі (90 км)

2

12-1

Жалпы ауданы 100 га, оның ішінде тыңайма 100 га

100 га

50,6

10 жыл

Көкалажар ауылдық округі (80 км)

3

1-1, кос 1, 1-1

Жалпы ауданы 158 га, оның ішінде тыңайма 143 га, табиғи жайылымдар 15 га

158 га

46,3

10 жыл

Қырымбет ауылдық округі (140 км)

4

Г5-1 мол

Жалпы ауданы 204 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 203 га, жолдар 1 га

204 га

11,2

10 жыл

Қырымбет ауылдық округі (60 км)

 

Барлығы

Жалпы ауданы 556 га, оның ішінде тыңайма 328 га, табиғи жайылымдар 226 га, жолдар 3 га

556 га

 

 

 

16.11.2021
Қараулар: 859
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz