Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 72-5 «2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабына, Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 72-5 шешіміне (2021 жылғы 14 каңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6924 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ  жаңа  редакцияда  жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджеті осы шешімнің қосымшасына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 36 560 мың теңге: 

салықтық түсімдер – 5 100 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер– 0;

трансферттер  түсімі – 31 460 мың теңге;

2) шығындар – 37 616,5  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0: 

бюджеттік кредиттер – 0;     

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 056,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0:

қарыздар түсімі – 1 056,5 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 056,5  мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша  (ZIP 17 Kb)

04.03.2021
Қараулар: 1100
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz