EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – "тұруға ықтиярхат"қолжетімді.
Тұруға ықтиярхат - бұл шетелдіктің ҚР-да тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат. Оны ресімдеу үшін Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу қажет.
Жаңа сандық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасына кіру керек. Содан кейін басты беттегі "цифрлық құжаттар" бөлімінде "тұруға ықтиярхат"батырмасын басыңыз.
Цифрлық құжатта дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайда "қате туралы хабарлау"батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік органға e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.
Қазіргі уақытта eGov Mobile мобильді қосымшасының "цифрлық құжаттар" сервисінде 11,7 млн-нан астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, туу туралы куәлік және т.б.) бар. Барлық цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады. Заңда электрондық құжаттың, яғни цифрлық және қағаздағы аналогтың баламалылығы бекітілген.
Қараулар: 205