Мүлікке тыйым салу - жағымсыз, бірақ сонымен бірге белгілі бір жағдайларда біздің еліміздің заңнамасында қарастырылған қажетті шара

Мүлікке тыйым салу - жағымсыз, бірақ сонымен бірге белгілі бір жағдайларда біздің еліміздің заңнамасында қарастырылған қажетті шара.

Тыйым салу   сіздің мүлікке иелігіңізді, пайдалануыңызды немесе басқаруыңызды шектейді. Басқаша айтқанда, мүлікке тыйым салу - бұл мүлікпен кез келген мәмілелердің жасалуына тыйым салу. Тыйымды сот, сот орындаушысы, анықтау, алдын ала тергеу органы сала алады.

eGov.kz Порталда пайдалы ақпарат орналастырылған, онда сіз не тыйым салынуға жатпайды, мүлікке тыйым салу туралы сот шешіміне қалай дау айту керектігі және мүлікке тыйым салуды қалай алып тастау керектігі туралы сұрақтарға жауап таба аласыз.

Ақпаратты табу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

eGov.kz Порталдың басты бетінде "Жылжымайтын мүлік" бөліміне өтіңіз, бұдан әрі   "Тұрғын үй қатынастары" кіші бөлімі қажет. Бұл кіші бөлімде "Пайдалы ақпарат" блогын табыңыз. Тізімнен "Мүлікке тыйым салу: қандай жағдайларда тыйым салынады, қалай алып тастауға және не істеу керек" дегенді   таңдау керек.

Назарларыңызға рахмет!

22.01.2021
Қараулар: 1047
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz