«Жаным поэзияға толы...»

27 қараша күні аудандық балалар кітапханасында Тұңғыш Президент күніне орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты бағдарламасының шеңберінде «Жаным поэзияға толы...» атауымен өлеңдер байқауы өткізілді. Байқауға 17 үміткер 6 ауылдық округтен қатысты.
Әділ-қазылар алқасының мүшелері Әділбеков Ерлан Естайұлы — аудандық мәслихатының хатшысы — әділ қазылар алқасысының төрайымы, Ібраева Әлия Қаражігітқызы — «Ауданның іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Дудова Алена Григорьевна — «Ауданның іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Жахина Мәншүк Мырзагелдіқызы — Новоишим қазақ ОМ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі, Пигина Ирина Васильевна — аудандық орталық кітапхананың әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қорытындысын шығарды.Сайыс қорытындысы бойынша 1 орын иегері Возвышенка ОМ ағылшын тілінің мұғалімі Герасимова Алена Анатольевна, 2 орын иегері — Даутфест Давид Давидович — №2 Новоишим ОМ математика пәнінің мұғалімі, 3 орын иегері Базарбаева Әйгүл Оразалықызы — Жеңіс ОМ меңгерушісі. Барлық қатысушылар аудан әкімінің дипломымен марапатталды.

«Жаным поэзияға толы...»

27.11.2017
Қараулар: 326
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz