Аудан әкімі В.С. Дудовтың Червонный ауылдық округіне жұмыс сапары

Аудан әкiмi В.С. Дудов Червонный ауылдық округi Пески а., Ұзынкөл а., Червонное а. орта мектептерiне, ауылдық кiтапханаларға, медициналық пункттерге барды. Червонное а. жартылай фабрикат және шұжық өнiмдерiн дайындау бойынша «Ищенко» ЖК цехының жұмысымен танысты. «Ищенко» ЖК өнiмiнiң көлемi жылына 4-6 тонна жартылай фабрикат, 13-15 тонна шұжық өнiмдерiн өндiредi. «Ищенко» ЖК өнiмi аудан шегiне тыс жерлерге де белгiлi. Ол ауылдық округтiң, аудан орталығының, Чистополье ауылының және Чистопол өңiрiнiң, Петропавл қ. және Көкшетау қ. сауда орындарында сатылады.

Одан соң аудан әкiмi «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша мал шаруашылығын дамыту жөнiнде округ тұрғындары Г.А. Киричекпен, А.Л. Артеменкомен, Н.Ж. Жаткеевпен кездестi. Әңгiмелесу барысында өзектi мәселелер және оны шешу жолдары талқыланды.

14.10.2014
Қараулар: 43
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz