Мемлекеттiк органдар туралы жалпы хабар

Червонный селолық округi әкiмi аппаратының мекенжайы:
150405 Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Червонный ауылы, Новоселов көшесi, 39
Мекенжай электрондық: chervonny_sko@mail.ru 
Телефондары: 8 (71535) 27 585
Телефон (факс): 8 (71535) 27 585

Ауылдық округтер әкімдерінің өкілеттіліктерін кеңейту туралы

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілген жаңалықтарға сәйкес ауылдық округ әкімінің құзыретіне келесілер енеді:

  1. басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
  2. берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
  3. берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
  4. берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
  5. жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
  6. басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
  7. берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
  8. кіріс көздерін қалыптастырады;
  9. бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
  10. бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
  11. жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
  12. мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді.

Ауылдық округ әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыруға құқылы.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері мынадай түсімдерден қалыптастырылады:

  1. аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер;
  2. жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
  3. сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
    аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
    аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
    аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде; аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;
    ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы;
  4. аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 165 (белгіленбеген жерлерде саудалау), 300 (жасыл көшеттерді күту және қорғау қағидаларын бұзу), 311 (иттер мен мысықтарды ұстау қағидаларын бұзу) және 387 (қала және елді мекендер аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала және елді мекендердің жасыл көшеттерін жою және зақымдау) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдар;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.

Ауылдық округ әкімі:

  • мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
  • қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
  • дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
  • мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
  • мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
  • халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
  • ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады.

 

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz