🧭 Көрсетiлетiн қызметтi қалай iздеу керек:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтiңiз/тiркелiңiз
- Басты бетте «Азаматтық, көшi-қон және иммиграция» қосымша бетiне өтiңiз
- «Халықты тiркеу және тiркеу есебiнен шығару» тармағын таңдаңыз
- Көрсетiлетiн қызметтер тiзiмiнен «16 жасқа дейiнгi балаларды тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi» таңдайсыз.
❓ Көрсетiлетiн қызметтi қалай алуға болады:
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
- Өтiнiмдi толтырып, оған ЭЦҚ-мен немесе смс-парольмен қол қойыңыз (мобильдi азаматтар базасында мiндеттi түрде тiркелу керек). ЭЦҚ-мен расталған тұрғын үй иесiнен келiсiм алу қажет (егер өтiнiш берушi тұрғын үй иесi болмаса). ЭЦҚ-мен расталған тұрғын үйдiң тең иеленушiлерiнен келiсiм алу қажет (егер өтiнiш берушi тұрғын үйдiң жалғыз меншiк иесi болып табылмаса).
- Жеке кабинетте (Көрсетiлетiн қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнде) сiздiң өтiнiмiңiздiң өңделуi туралы хабарламамен танысыңыз.
Назарларыңызға рахмет!🖐
19.10.2020
Қараулар: 796
Қараулар: 796