Төтенше жағдай кезiнде еңбек құқықтары бұзылған жағдайда

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнiндегi шаралар шеңберiнде жекелеген ұйымдардың қызметi шектелдi.

Мұндай жағдайда, еңбек заңнамасында толық емес жұмыс уақытын енгiзудi, қашықтықтан жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлеудi, жұмыстың мәжбүрлi түсрде тоқтауы, жұмыстан қысқарту және т.б. қоса алғанда, қызметкерлердiң еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн түрлi тетiктер қарастырылған.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын жүргiзу кезiнде жұмыстан заңсыз босатылған немесе еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қызметкерлер СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының (87152)50-33-42) сенiм телефонына немесе ұйымның атауын және байланыс деректерiн көрсете отырып, inf.git@sko.kz электрондық мекенжайына өтiнiш жiбере алады.

Өз кезегiнде, жұмыс берушiлердi өз қызметкерлерiнiң алдында әлеуметтiк жауапкершiлiк көрсетуге және еңбек заңнамасының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге шақырамыз.

19.03.2020
Қараулар: 659
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz