Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтар № 56-14 «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 56-14 шешіміне (2020 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5900 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін»:

1) кірістер — 213 395,4 мың тенге:

салықтық түсімдер — 5250 мың теңге;

салықтық емес түсімдер — 0;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер — 0;

трансферттер түсімі — 208 145,4 мың теңге;

2) шығындар — 213 395,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу — 0:

бюджеттік кредиттер — 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу — 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо — 0:

қаржы активтерін сатып алу — 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер — 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) — 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) — 0 мың теңге:

қарыздар түсімі — 0;

қарыздарды өтеу — 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

16.06.2020
Қараулар: 584
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz