Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтар №56-14 «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» 2020 жылғы 8 қаңтардағы №56-14 шешiмiне (2020 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №5900 болып тiркелдi) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округiнiң бюджетi осы шешiмге тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның iшiнде 2020 жылға келесi көлемдерде бекiтiлсiн»:

1) кiрiстер — 226 961,4 мың тенге:

салықтық түсiмдер — 5250 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер — 0;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер — 0;

трансферттер түсiмi — 192 311,4 мың теңге;

2) шығындар — 226 961,4 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу — 0:

бюджеттiк кредиттер — 0;

бюджеттiк кредиттердi өтеу — 0;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0:

қаржы активтерiн сатып алу — 0;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) — 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) — 0 мың теңге:

қарыздар түсiмi — 0;

қарыздарды өтеу — 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 0 мың теңге»;

көрсетiлген шешiмнiң 1-қосымшасы осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешiм 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

16.06.2020
Қараулар: 752
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz