Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтар №56-14 «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 8 қаңтардағы №56-14 шешіміне (2020 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5900 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін»:

1) кірістер – 188 472 мың тенге:

  • салықтық түсімдер – 5250 мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер – 0;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
  • трансферттер түсімі – 183 222 мың теңге;

2) шығындар – 188 472 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:

  • бюджеттік кредиттер – 0;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

  • қаржы активтерін сатып алу – 0;
  • мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

  • қарыздар түсімі – 0;
  • қарыздарды өтеу – 0;
  • бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

14.04.2020
Қараулар: 851
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz